«Ұл – ұлт қорғаны!» патриоттық дөңгелек үстел өтті / Патриотический круглый стол «Ұл – ұлт қорғаны!» прошёл с участием студентов

Бүгін біздің колледж студенттері аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған «Ұл – ұлт қорғаны!» атты патриоттық дөңгелек үстелге қатысты.

Талқыланған негізгі тақырыптар:
— патриотизм және оның жас ұрпақ үшін маңызы;
— әскердегі қызметтің артықшылықтары мен қиындықтары;
— ұлттық қауіпсіздікті нығайтудағы армияның рөлі;
— Отанға қызмет етуге дайындық.

Азаматтық ұстанымның маңыздылығы, патриотизм және армияның жастар бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әрбір қатысушы өз пікірін білдіріп, ардагерлерге, қорғаныс және шекара қызметтерінің өкілдеріне сұрақтар қоя алды. Олар қызметтегі жеке тәжірибелерімен және Отанды қорғау туралы естеліктерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, елге деген сүйіспеншілік пен бірліктің маңыздылығын еске салады.
Сегодня студенты нашего колледжа приняли участие в патриотическом круглом столе «Ұл — ұлт қорғаны!», который был организован районным Советом ветеранов.
Основные темы обсуждения:
— патриотизм и его значение для молодого поколения;
— преимущества и вызовы службы в армии;
— роль армии в укреплении национальной безопасности;
— готовность служить своей Родине.
Особое внимание было уделено вопросам важности гражданской позиции, патриотизма и того, как армия формирует ответственность и дисциплину у молодых людей.
Каждый участник мог высказать своё мнение и задать вопросы ветеранам, представителям оборонных и пограничных служб, которые поделились личным опытом службы и воспоминаниями о защите Родины. Такие мероприятия укрепляют связи между поколениями и напоминают о важности единства и любви к своей стране.