Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры – халық қазынасында.
Халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеу, қастерлеу мақсатында, Қазақстан агротехникалық колледжінде Наурыз мерекесіне орай білім алушылар арасында 16 наурызда «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» интелектуалды сайысы өтті.