Ұлт мұраты жолындағы тұлға: Міржақып Дулатовқа арналған квиз / Личность во имя идеала народа: квиз, посвящённый Мыржакыпу Дулатову

Колледж кітапханасында «Мыржақып Дулатов – ұлт мұраты жолындағы қайраткер» атты танымдық квиз өтті. Шара ұлт ақыны, жазушы, публицист, «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының бірі – Мыржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
231-топ студенттері ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, оның еңбектері мен ұлттық сананың қалыптасуындағы тарихи рөлін еске алды.
Кітапханада М. Дулатовқа арналған кітап көрмесі мен ақпараттық стенд те ұйымдастырылды. Онда жазушының кітаптары, фотосуреттері мен мол мұрасын танытатын материалдар қойылды.
Іс-шараға белсене қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз!
В библиотеке колледжа прошёл познавательный квиз «Мыржакып Дулатов – во имя идеала народа», приуроченный к 140-летию со дня рождения Мыржакыпа Дулатова — поэта, писателя, публициста, одного из лидеров движения «Алаш».
Студенты 231 группы с интересом отвечали на вопросы о жизни и творчестве великого просветителя, вспоминали его произведения и историческую роль в становлении национального самосознания.
Также в библиотеке оформлена книжная выставка и информационный стенд, посвящённые М. Дулатову. Здесь представлены книги, фотографии и материалы, раскрывающие его богатое наследие.
Благодарим всех участников за активность и интерес к истории родного края!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.