«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»

2023 жылдың 20 қарашада Қазақстан агротехникалық колледжінде «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өтті. Аукционды колледж кітапханашысы Нерина М.В. және қазақ тілі мен әдебиет пәннің оқытушылары Агдавлетова А.Ш., Шандалинова А.К. бірігіп өткізді.
Аукционның мақсаты: студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Абайдың шығармаларын теренірек білуге, мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Аукционға 152 топ студенттері қатысты. Студенттер өздерінің эрудициясы мен оқығандарын көрсетті. Аукцион барысында Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша сұрақтарға тез және толық жауаптар алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.