«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»

2022 жылдың 25 қарашада Қазақстан агротехникалық колледж кітапханасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өтті. Аукционды колледж кітапханашысы Нерина М.В. және қазақ тілі мен әдебиет пәннің оқытушылары Агдавлетова А.Ш., Шандалинова А.К. бірігіп өткізді.
Аукционның мақсаты: студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Абайдың шығармаларын теренірек білуге, мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Аукционға бірінші курс студенттері қатысты. Студенттер өздерінің эрудициясы мен оқығандарын көрсетті. Аукцион барысында Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша сұрақтарға тез және толық жауаптар алынды.
Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.