Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жөнінде: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деген болатын.
Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК білім алушыларының арасында латын әліпбиіне көшу туралы ақпараттық сағат өткізілді. Онда латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиінің бірнеше нұсқасы болғаны атап өтілді.
2021 жылдын 28 қантарында латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Соңғы нұсқа латын алфавитінің негізгі жүйесінің 31 таңбасын қамтиды. Ақпараттық сағат барысында қазақ тілінің әліпбиін ауыстыру туралы білім алушылардың пікірі мен ұсыныстары талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.